Елордадағы травматология орталығы инфекциялық госпитальға айналды

Елордадағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының бөлімшелері коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Консультациялық-диагностикалық және функциялық бөлімшелердің жұмысы уақытша тоқтатылды. Осы орайда травматолог, ортопед, невропатолог, ревматолог, вертебролог дәрігерлердің, тамырлық хирургтың қабылдаулары уақытша тоқтатылды. Яғни №3 травматология және №7 ортопедия бөлімшелері жабылды.

Айта кетейік, соңғы тәулікте астанада 195 адам коронавирус жұқтырған. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің хабарлауы бойынша науқастарды емдеу үшін 5 мың төсек-орын дайын. Қажет болған қаланың барлық медициналық ұйымдары осы іске жұмылдырылады.