Елімізде тұрмыстық қалдықтарға арналған 24 полигон салынады

2025 жылға дейін тұрмыстық қалдықтарға арналған 24 полигон салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ жаңа 7 кәріз-тазарту кешенінің құрылысы жүргізіледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Сенаттағы жас сарапшылар клубы отырысында мәлімдеді. Жиында елдегі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан флора мен фауна түрлерін сақтау үшін биоалуантүрліліктің Ұлттық банкін құру ұсынылды. Бұдан бөлек, 2050 жылға дейін «жасыл өсім бойынша шаралар топтамасы әзірленетіні белгілі болды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Халық арасында экологиялық ойлау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамыту қажет. Сондай-ақ тиімді заңдар да керек. Бұл тұрғыда өткен жылдың соңында ел Президентінің бастамасы бойынша Парламент қабылдаған Экологиялық кодекстің маңызы зор. Ондағы нормалардың арқасында қоршаған ортаны қорғау саласында жаңа ережелер жасалады. Ең алдымен, Кодекс арқылы «ластаушы төлейді және түзетеді» қағидаты іске асады.