431,11 519.25 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде сапасыз төселген асфальт жол жөнделеді

  • 125
  • UPD: 08:34, 26.03.2021
Ақтөбеде сапасыз төселген асфальт жол жөнделеді

Ақтөбеде сапасы сын көтермейтін жолдар қайтадан төселетін болды. Жыл басынан жүктелген міндетіне атүсті қараған 3 мердігер мекемеге ескерту хат жолданған.

Санаулы жыл ішінде тозып кеткен асфальтті кәсіпкерлер жеке қаражаты есебінен қайтадан қалыпқа келтіруі тиіс. Өткен жылы мұндай 20 дерек тіркелген болатын. Асфальт жабындысын төсеу технологиялары сақталмағандықтан мердігерлер құрылыс жұмыстарын екі мәрте жүргізді. Қар еріп, жер кепкен сәттен арнайы зертхана өкілдері былтыр төселген жолдардан қайтадан сынама алуға ниетті. Нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар қолданылады.

Қуандық Қасымов, қала әкімінің орынбасары:

- Бұл жолдарды комиссия қабылдаған жоқ. Тиісті лабораториялық тексерулер ден кейін қабылданады. Ал 2017-2018 жылдары салынған 5-шағын ауданындағы теміржол өткелі, Тургенев көшелерінің сапасына қатысты акт толтырылды. Мердігерлерге қайтадан жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап ететін боламыз. Болмаса сотқа жүгінуге тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы