Мереке күндері республикалық жолдар 86 рет жабылған

Мейрам күндері ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдардағы 86 учаскеде автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Ең көп жабылған жол учаскелері бойынша бірінші орында Ақмола облысы тұр. Мұнда қозғалысқа шектеу 29 жол учаскесінде енгізілді.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысында жолдар наурыздың 20-сы мен 24-і аралығында 15 мәрте, ал Шығыс Қазақстан облысында 14 рет жабылды.

Айта кету керек, бес күннің ішінде аталған өңірлерде жауын-шашынның айлық мөлшері түскен.

Қыс басталғалы республикалық тас жолдардағы қозғалысқа шектеу барлығы 997 учаскеде енгізілген болатын.