Нұр-Сұлтан қаласында вирус жұқтыру көрсеткіші артты

Елордада 480 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың елу бесі жансақтау бөліміне жатқызылған. 14 науқас жасанды демалу аппаратына қосылған.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, наурыз айының ортасынан бері ауру жұқтыру 24 процентке өскен. Қазір тәулігіне 230 адамнан вирус анықталып жатыр. Бұған дейін күніне 150 адам тіркелетін. Оның себебі халық арасында мейрам күндері қыдыру көп болған. Сондай-ақ оқушылар арасында індет жұқтыру көрсеткіші 5 проценте өскен. Елорда 17 күннен бері «қызыл аймақта» тұр. Он мыңға жуық адам вакцина алған. Олардың жартысы медицина қызметкері.

Сондай-ақ...