430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әділет министрі өз еркімен отставкаға кетпейтін болды

  • 134
  • UPD: 16:36, 26.03.2021

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Марат Бекетаев осылай деді. Ол адвокаттар жолдаған петициямен танысқанын айтты.

Бірақ құқық қорғаушылардың уәжімен келіспейтінін жеткізді. Сол себепті «адвокаттар Президентке хат жазды екен деп, қазіргі қызметімді тастап кетпеймін» деп отыр. Өткен аптада адвокаттар мен нотариустар бірігіп, ведомство басшысына қарсы шыққаны туралы мәлімет әлеуметтік желіде тараған. Наразы топ «министр біздің құқығымызды шектеп отыр» деп шағымданған.

Марат Бекетаев,  ҚР Әділет министрі:

- Әкімшілік рәсімдер туралы заңға сәйкес, әлгі петиция үндеу болып есептеледі. Оны даулауға менің құқығым жоқ. Адвокаттардың Президентке нақты не жазғанын білемін, петицияны толық оқып шықтым. Бірақ оның мазмұнын сіздерге айтып бере алмаймын. Бұл заңға қайшы. Бір анығы, өз еркіммен отставкаға кетпеймін.

Хабар 24 телеарнасы