Қарағанды облысында қылмыстық топ 4 млрд астам теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған

Қарағандыда қылмыстық топтың мүшелері қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды.

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ үш жыл ішінде 4 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға заңсыз түрде айналдырған. Заңсыз схемаға бақылаудағы 6 жалған компания тартылған.

«Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Тінту кезінде 6 млн астам теңге, банк карталары («Forte Bank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Каспий Банк» АҚ, «RBK Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ), бухгалтерлік құжаттар және компаниялар мөрлері табылып, тәркіленді», – делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ құру және жалған шот-фактураларды заңсыз ресімдеу фактілері бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.