БҚО-ның коммуналдық мекемелері екі ауысымда жұмыс істеп жатыр

Биыл Батыс Қазақстан облысының аумағына қар көп түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек облыс орталығының өзінен 600 мың текше метрден аса қар шығарылған. Қазір күн жылынып, ақ ұлпа ери бастаған. Коммуналдық мекемелер өткен аптада қала көшелерінен 13 мың текше метр су сорыпты. «Жұмысты жеделдетуге жеке үйлердің ауласында тау болып үйілген қалың қар кедергі келтіреді», - дейді мамандар.

Абылай Нұрмақов, қалалық ткш бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Аса қауіпті деп танылатын секторларда қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Екінші жұмысшы шағын ауданы, Зачаган, ет комбинаты, базар, Жұлдыз шағынауданы, ескі әуежай және Деркөл кентіндегі аудандарды тазартып жатыр. Мердігер мекеме екі ауысымда жұмыс жасап жатыр, жүзге жуық техника жүр. 109 линиямыз бар, халық хабарласып айтып жатыр.