СҚО-да бензин бағасы күрт қымбаттады

Солтүстік Қазақстан облысында бензин қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпан айында сұранысқа ие АИ-92 маркалы сұйық отын 155 теңге болған еді. Ал қазір оның бір литрі өңірдегі кей жанар-жағармай құю бекеттерінде 169 теңгеден сатыла бастады. Яғни бір айда бензин 14 теңгеге өскен. Әкімдіктегілер болса, бағаның өсуіне ең алдымен елдегі мұнай өңдеу зауыттарының өнім бағасын көтеруі себеп болғанын айтады. «Дегенмен, аймақта жақын арада бензин тапшылығы болмайды», - деді жауаптылар. Олардың айтуынша, қор жеткілікті. Ал, баға қайтадан тұрақтала ма, жоқ па ол жағы тағы белгісіз.

Фархат Ибраев, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Бензиннің қымбаттауына бірнеше себеп бар. Зауыттар бағаны көтерген. Оған логистиканы қосыңыз. Дегенмен, қазіргі таңда облыстық бәсекелестікті қорғау департаментінің мамандары осыған байланысты арнайы сараптама жасап жатыр. Оның қорытындысы сәтін салса, келер аптада белгілі болады.