Түркістан облысында бөтеннің мүлкіне ие болған алаяқ атқамінерге қатысты үкім шықты

Түркістан облысында алаятықпен бөтеннің мүлкіне ие болған атқамінерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

2017 жылы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы әкімнен жер алған тұрғынға мемлекеттік акт алып берем деп ант-су ішіп, қызметі үшін 30 қой және құжат рәсімдеуге 11 мың теңге алған екен. Алайда уәдесін орындамапты. Ал жапа шегуші тек былтыр жазда сотқа шағымданған. Енді бұрынғы лауазымды қызметкер 15 млн 620 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Мадияр Абдрасылов, Шымкент қаласындағы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы:

- Ол кінәлі деп танылды. Және оған жымқырылған мүліктің 20 еселенген мөлшерінде 15 млн 620 мың теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Сонымен қатар Қожамсүгіров мемлекеттік қызметте, мемлекеттік қызметтік ұйымдарда өмір бойы қызмет ету құқығынан айырылды. Қазіргі кезде сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.