Жамбыл облысында 36 млн теңгенің малын бақташының өзі ұрлаған болып шықты

Жамбыл облысында ірі көлемдегі малды бақташының өзі қолды қылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байзақ ауданында 40 жастағы жігіт ағасы осындай күдікке ілінді. 61 бас жылқы мен 169 бас қой шаруашылық басынан жоғалып кеткен. Олардың жалпы құны 36 млн теңгеден асады. Жедел іздестіру шарасын жүргізген жергілікті полицейлер, бақташының өзін қолға түсірді. «Күдікті кінәсін толық мойындап отыр», - дейді, құзырлы орган өкілдері. Қазір ол қамауға алынып, тергеу басталды.