Қостанайда заманауи өндірістік желі іске қосылды

Қостанайда KIA автокөлігі шығарылатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Премьер-министр Асқар Мамин өңірге барып, өндірістік желінің ашылу салтанатына қатысты.

«Автомобиль жасау Қазақстанның индустриялық дамуының оң динамика көрсетіп келе жатқан стратегиялық маңызды бағыты», - деді Үкімет басшысы. Заманауи зауытта жылына 20 мың көлік шығару көзделген. Асқар Мамин шойын құймасын өндіру зауытының құрылысымен де танысты. Сәтін салса, 2023 жылы аяқталатын жобаның құны 80 млрд теңге. Онда жылына 40 мың тоннадан аса өнім алу жоспарланған. Оның басым бөлігі экспортталады. Ал «АгромашХолдинг» кәсіпорнында орнатылған автоматтандырылған желі инвесторлар тартуға мұрындық болып отыр. Яғни өндіріс ошағының келешегі кемел. Облысқа жұмыс сапары аясында Премьер-министр бірлескен жобаларды іске асыру бойынша 9 құжатқа қол қойды.

Сергей Серебряков, Петербург трактор зауытының директоры:

- Біз үшін Қазақстан маңызды нарықтардың бірі. Мұндағы өндіріс дамып келеді. Ал техникаларымыз сұранысқа ие. Бірлескен жобаларымыз стратегиялық маңызға ие. Енді оны абыроймен жүзеге асыруға ниеттіміз.

 

 

Сондай-ақ...