Жамбыл облысында есірткі сатқан үш адам ұсталды

Жамбыл облысында есірткі сатқан үш адам ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлер оларды Шу қаласында әшкерелеген. Олардың біреуі Алматы қаласының тұрғыны болса, қалғандары жергілікті азаматтар. Ал тәркіленген есірткі заттарының салмағы 7 келіден асады. Күдіктілер өз кінәларын мойындаған. Қазір олар қамауға алынып, үстерінен ҚР қылмыстық кодексінің 297 бап 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, тергеу барысында ұсталғандардың «гашиш» есірткісін Алматыға апарып сатпақ болғандары белгілі болды.

Сондай-ақ...