Елбасы Владимир Шепельдің жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Владимир Николаевич Шепельдің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады elbasy.kz.

Елбасы В.Шепель өзінің ұзақ жылдарға созылған еңбек жолын мемлекеттік қызметке арнап, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

«Ол әрдайым өзінің жоғары кәсібилігімен, табанды өмірлік ұстанымдарымен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін. Владимир Николаевич Шепельдің жарқын бейнесі жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Владимир Шепель өмірден өтті