Елімізге өткен тәулікте 27 азамат ПТР-анықтамасыз ұшып келді

27 наурызда Қазақстан аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 36 халықаралық әуе рейсі келді.

4 674 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 647 адам, анықтамасыз 27 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 758 жолаушы, анықтамамен – 2 741, анықтамасыз – 17;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 368 жолаушы, анықтамамен – 358; анықтамасыз – 10;

Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, барлық 731 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 371 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 298 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 148 жолаушы анықтамамен келген;

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.