Шымкентте су тасқыны қаупі жоқ

Бірақ арқаны кеңге салуға әлі ерте дейді құтқарушы мамандар.

Себебі алдағы күндері жауын-шашын түсуі мүмкін. Қала аумағында 2 су қоймасы, 2 су тоғаны, 1 бөген, 3 гидроторап пен 2 магистральді канал орналасқан. Қазіргі таңда су қоймаларының орташа толуы 16-70% құрап отыр. Күнделікті су деңгейіне мониторинг жасап отыратын мамандар айтпай келетін апатқа тас түйін дайынбыз деп сендірді. 22 техника және 17 жүзу құралы мен 129 жиналу-эвакуациялық пункт дайын.

Мадияр Жақсыбаев, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

- 4 су қоймасына толығымен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде жалпы құлақтандыру жүйесімен толығымен қамтамасыз етілген. Мысалы, қасында орналасқан елді мекендерге дереу су тасқыны туралы хабар жеткізу қамтамасыз етілген. Қала аумағында болуы мүмкін жерлерді анықтап, квадракоппен шығып тиісті шаралар қабылдаймыз.

 

Сондай-ақ...