432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірқатар өңірде мұз жару жұмыстары жүргізілді  

  • 97
  • UPD: 18:04, 28.03.2021
Бірқатар өңірде мұз жару жұмыстары жүргізілді  

Бірнеше өңірдегі өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары жүргізіліп, кептеліс болуы мүмкін жерлер тазартылды.

Ақмола, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұздың қалыңдығы 70-80 см болады. Ақмолада көлемі 2 мың шаршы метрден астам мұз ұсақталды. Шығыс Қазақстан облысында 119 мың шаршы метрге жуық аумақтағы мұз жарылды. Ал солтүстікте 3 мың шаршы метр жер мұздан тазартылды. Жұмыс барысында жыл сайын мұз кептелісі болып, жағалауды су басатын жерлер таңдалған.

Хабар 24 телеарнасы