430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО: Есіл арнасынан асуы мүмкін

  • 70
  • UPD: 09:55, 29.03.2021

Солтүстік Қазақстан облысында сәуірдің алғашқы он күндігінде Есіл өзеніндегі судың деңгейі көтеріледі.

Қазгидромет мамандары осындай болжам жасап отыр. Ал өңірдегі Сергеев су қоймасына шамамен екі миллиард текше метрден астам су келеді деп күтілуде. Бұл қалыпты жағдайдан 60 процентке көп. Ерке Есіл арнасынан асса 30 елді мекенді басып қалуы мүмкін. Бұдан бөлек өңірдегі Үлкен Тораңғұл көлінен де қауіп бар. Осыған байланысты қазіргі таңда су айдындарында мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Наталия Левина, «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары:

- Сілеті су қоймасында судың көп жиналуына байланысты Уәлиханов ауданы мен Есіл ауданындағы Үлкен Таранғұл көлінен қауіп жоғары. Оның үстіне қазір қардағы ылғал қоры өте көп. Мәселен, 2016 жылмен салыстырсақ ол 18 процентке артық.

Хабар 24 телеарнасы