Жамбыл облысындағы су қоймалары жөндеуді қажет етеді

Жамбыл облысының елді мекендеріне су тасқынынан қауіп жоқ. Өңірде мол су қабылдайтын 1200 шақырымдай арық-арна, 430 көпір мен мыңнан астам гидро-нысан қоқыстан тазартылды.

Төтенше жағдай қызметінің мамандары таулы аймақта тұратын ауылдарға нөсер жаңбыр мен қар суы қиындық туғызуы мүмкін дейді. Шу, Талас және Аса өзендерінің де тасуы ықтимал. Бірақ су қоймаларында жағдай тұрақты. Құтқарушылар күнделікті өзен-көлдердегі ахуалды тікұшақпен бақылап отыр. Төтенше жағдай департаментінің жеке құрамы күшейтілген жұмыс кестесіне көшіп, су тасқынының алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. 

Талғат Айтбаев, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- 19 су қоймасына ағымды жөндеу қажет етеді. 19 су қоймасының жетеуіне жөндеу жұмыстары басталды қазір. Жергілікті қаражаттан бөлініп жатыр 72 млн 400 мың теңге. 139 палатка, 1900 төсек орны дайындалды. Су тасқынына әзір Жамбыл облыстық төтенше жағдай департаменті.