Әскери қуаттылығы жағынан елдер рейтингінде Қазақстан 62-орында тұр

Әскери қуаттылығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 140 елдің ішінде 62-орынды иеленді, деп хабарлады finprom.kz.

Елдің индексі 1,0286 құрады. Ең жақсы рейтингтік балл – 0,0000. Индекс мәні неғұрлым төмен болса, елдің әскери әлеуеті соғұрлым күштірек саналады. Рейтингтің басында АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және Жапония тұр. Сонымен қатар Түркіменстан, Қырғызстан елдері рейтингте Қазақстаннан кейін орналасқан. Ал рейтингтің соңында Бутан, Косово және Либерия тұр.

Индексті анықтау үшін 50-ден астам жеке фактор бағаланған – әскери күш пен қаржыдан бастап материалдық-техникалық мүмкіндіктер мен географияға дейін.

Материалдық-техникалық мүмкіндіктері бойынша Қазақстанда 238 ұшақ, 300 танк, 1200 бронтехникасы, 124 сауда флоттары, 5 порт және сауда терминалдары, 96 әуежай бар.

Рейтинг мәліметтеріне сәйкес, елімізде 167 мың әскери қызметші бар, бұл жалпы халықтың 0,9% құрайды.