430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда халыққа вакцина салу басталды

  • 141
  • UPD: 13:14, 29.03.2021
Павлодарда халыққа вакцина салу басталды

Ертіс өңірінде халыққа жаппай екпе салу басталды. Облысқа «Спутник V» вакцинасының үшінші партиясы әкелінді.

Бірінші және екінші компоненттің үш мыңға жуық дозасы жергілікті қоймаларға жеткізіліп үлгірді.

Сала мамандарының хабарлауынша, бірінші компонент бойынша төрт мыңнан астам павлодарлық екпе алған, ал екінші компонент бойынша екі мыңға жуықтады. Қазіргі уақытта азаматтар тіркелген емханаларында алдын ала жазылу бойынша иммундау процедураларынан өтуде.

Айта кетейік, аймақтың емханаларында 100-ден астам екпе салу кабинеті дайын. Әзірге вакцина жеткізу бойынша мәселелер туындаған жоқ. Жұмыс белгіленген алгоритм бойынша жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, осы уақытқа дейін үш мыңға жуық дәрігер міндетті екпеден өтті.

Санжар Жұмашев, қала тұрғыны:

- Екпе алуға ниет еттім. Себебі коронавирустық инфекцияның қаншалықты қауіпті екенін түсінемін. Емханаға келмес бұрын вакцинаға қатысты клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен таныстым. Сондықтан сенімім артты. Екпенің 90 проценттік тиімділігі бар екенін де білемін.

Хабар 24 телеарнасы