Елорданың сауда-ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейді?

Елордада КВИ жұқтырудың өсуіне байланысты карантиндік шектеулерді қатаңдату бойынша қосымша шаралар енгізілуде. Өзгерістер СОО, СО және т.б. жұмыс кестесіне енгізіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың бас мемлекеттік дәрігері Сархат Бейсенова карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлері мен сауда орталықтарына демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

«Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған кезде жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін және демалыс күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру (оларда орналасқан дәріханалардан, сондай-ақ азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды сататын минимаркеттерден, супермаркеттерден және гипермаркеттерден, сондай-ақ олардың қызметіне осы қаулы бойынша олардың орналасуына қарамастан рұқсат етілген объектілерді қоспағанда). Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады», – делінген қаулыда.

Фудкорттардың жұмысы штаттық режимде тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі. Ал акциялардың, жәрмеңкелердің, шоурумдардың, ұтыс ойындарының әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салынады (онлайн форматтан басқа).

Жаңа қаулы 2021 жылғы 30 наурызда күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймақта» орналасқан. Күн сайын қалада коронавирустық инфекцияның 300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан КВИ ауруының өсуіне жол бермеу үшін санитарлық нормалар мен карантиндік режим талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.

Елорданың мейрамханалары, барлары және дәмханалары жаңа жұмыс режиміне көшеді

Нұр-Сұлтанда 30 наурыздан бастап карантин шаралары қатаңдатылады