Елімізде 1 сәуірде көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады

Сәуірдің бірінде көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары мәлімдеді. Қазір салықтың интеграцияланған мәліметтер базасы бар. Сол жерде төлемнің көлемі белгіленеді. Ақпарат кейін «Е-Salyq Azamat» электрондық әмиянына жіберіледі. Яғни, салық органдарына барып, есептетудің қажеті жоқ. Көлікті сенімхат арқылы сатқан, тұрғылықты мекенжайды ауыстырған немесе қозғалыс құралы жарамсыз болып қалған жағдайларда жауапты органдарға хабарласып, темір тұлпарды тіркеуден алу керек.

Олжас Отар, ҚР ҚМ МКК басқармасы басшысының орынбасары:

- ІІМ Әкімшілік полиция комиеті берген мәліметтер негізінде салық есептейміз. Өздігімізден ешқайдан алмаймыз. Сондықтан осындай жағдай туындаса, өз тұрғылықты жеріңіз бойынша көлік құралдарын тіркеуден шығару қажет.