Елордада эпидемиологиялық жағдай өткен жылдың жаз айларындағыға ұқсас болып тұр

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус бойынша жағдай тұрақсыз. Індеттің өршуі бойынша елорда әлі де «қызыл аймақта» тұр.

Бұл туралы ОҚК брифингінде айтылды.

«Қазір инфекцияны жұқтырып алу 25 процентке өсті. Пандемияның өршіген шағымен салыстырсақ, эпидемиологиялық жағдай өткен жылдың жаз айларына ұқсас болып келеді. Қазіргі уақытта науқастар ауыр және өте ауыр жағдайларда түсіп жатыр. Әсіресе, олар – егде жастағы және 40-пен 60 жас аралығындағы азаматтар. Бүгінгі мәліметтерге сәйкес коронавирус жұқтырған 623 науқас стационарларда жатыр, төсек-орынның жүктемесі 74 процентті құрайды», - деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Сондай-ақ елордада жансақтау бөлімдеріндегі науқастардың саны артқанын айта кеткен жөн. Бұл бөлімде 66 науқас жатыр.