Нұр-Сұлтанда соңғы үш күнде коронавируспен ауырғандар саны екі есеге өсті

Бүгін «Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдай және медициналық ұйымдардың коронавирустық инфекциямен күресуге дайындығы туралы» онлайн баспасөз-конференциясы өтті.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекция бойынша бүгінгі жағдай тұрақсыз, індеттің өршуі бойынша елорда әлі де «қызыл аймақта». Инфекцияны жұқтырып алу 25%-ға өсті.

Егер де ақпанда тәулік ішінде орта есеппен жаңа 100 жағдайлар тіркелсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 230-ға жетіп отыр.

Пандемияның өршіген шағымен салыстырсақ, эпидемиологиялық жағдай өткен жылдың жаз айларына ұқсас болып келеді. Қазіргі уақытта науқастар ауыр және өте ауыр хәлде түсіп жатады. Әсіресе, бұл қарт және 40 пен 60 жас аралығындағы адамдар.