Коронавирус: астанада 11 мыңдай адам вакцина салдырды

Елордада қанша адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды.

«Бүгінде бірінші компонент бойынша 10 861 адам вакцинациядан өтті, екінші компонент 3 024 адамға салынды. Оның ішінде медициналық қызметкерлер – 4 836, мұғалімдер – 1 945, созылмалы аурулары бар адамдар – 1 071, құқық қорғау органдарының қызметкерлері – 1 207, басқа топтағылар – 1 802», - деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ екпе алғаннан кейін қатты асқыну жағдайлары болмағанын айтып өтті.