Елордада бұқаралық, отбасылық және еске алу шараларын өткізуге тыйым салынды

Елордада ертеңнен бастап карантиндік талаптар қатаңдатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұқаралық, отбасылық және еске алу шараларын мүлде өткізуге болмайды. Кинотеатрларға баруға тыйым салынады. 30 наурыз бен 11 сәуір аралығында меншік иесіне қарамастан ұйымдардың әкімшілік персоналы кемінде 80% қашықтықтан жұмыс режиміне көшіріледі.

Сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді. Ал жұмыс күндері кешкі 17:00-ге дейін ғана ашық болады. Қоғамдық тамақтану орындары өнімдерін жеткізіп қана бере алады. 11 сәуірге дейін жоғары оқу орындары мен колледждердегі барлық курс студенттері қашықтан оқиды. Орта білім беру мекемелерінде жоғары сынып оқушыларынан басқалары онлайн оқуға көшеді. Жабық азық-түлік емес базарлар санитариялық-профилактикалық шараларды күшейтіп, жұмыс уақытын қысқартуы тиіс. Демалыс күндері олардың жұмыстарына тыйым салынады.