Елорданың инфекциялық ауруханалары 74%-ке толы

Елорда 20 күннен бері коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы 3 күнде науқастар саны екі есе артқан. Күніне 450 адамға дейін індет жұқтырып жатыр. Бүгінде қалада 1736 ошақ бар. Науқастармен байланыста болған 4000-ға тарта адам дәрігерлердің қарауында. Өкінішке қарай карантинге жатқызылған тұрғындардың дені тиісті талаптарды сақтамайды. Қалалық бас санитарлық дәрігердің айтуынша, оқу жылы басталғалы 1600 бала коронавирус жұқтырған. 92 мектеп карантинге жабылды. Бүгінде елордада 24 ПТР-зертхана жұмыс істейді. Онда пандемия басталғалы 13 мыңнан аса қауіпті вирус жұқтыру дерегі анықталған. Қазіргі уақытта инфекциялық ауруханалар 74%-ке толы.