425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Air Astana және басқа бірқатар компанияға қатысты тергеу басталды

  • 172
  • UPD: 23:24, 29.03.2021

Air Astana және Scat акционерлік қоғамдарына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Президент қабылауында айтты. Монополияға қарсы тергеу «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен дәрілік заттар нарығында да жүргізіліп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба таныстырылды. Ол электр энергиясы, ауыл шаруашылығы, көлік саласындағы кедергілерді жойып, жалпыға бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Агенттік басшысы сауда биржасы жүйесінің іске қосылғанын да жеткізді. Онда битумның саудасы басталған. 31 наурыз күні жанар-жағармай, сәуір айының басында көмір сатылымға шығарылады. Мемлекет басшысы ұн нарығының ерекшелігін және оның экспорттық әлеуетін ескере отырып, биржалық тауар тізіміне қосу әлі ерте деп шешті. Президент бәсекелестікті одан әрі дамытуға, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жақсартып, дәрілік заттар мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығын реттеуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазіргі уақытта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Air Astana акционерлік қоғамына, Scat акционерлік қоғамына қатысты, сондай-ақ дәрілік заттар нарығындағы монополияға қарсы тергеулер жүргізіп жатыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бәсекелестікті қорғау жөніндегі жаңа заң жобасымен танысты. Президент бәсекелестікті одан әрі дамытуға, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жақсартуға, дәрілік заттар мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтарын реттеуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы