Алматыда мутацияланған коронавирусқа балалар шалдығып жатыр

Коронавирустың өзгеріске ұшыраған түрін балалар да жиі жұқтырып жатыр.

Бұл жөнінде Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлімдеді. Бір айдың ішінде шаһарда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қауіпті індетке шалдығу көрсеткіші 5 есе артқан. Себебі вирустың жаңа штамы өте жұқпалы. Негізгі белгілері – дене қызуының көтерілуі, тәбеттің болмауы мен іштің өтуі. Жалпы қазір қаладағы эпидемиологиялық ахуал қиын. Соңғы тәулікте Алматыда 415 адамнан коронавирус анықталған. 145 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Емделіп жатқан науқастардың 75%-інің жасы 60-тан асқан. Мамандар сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Алмаш Ахметова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Жұқтыру қабілеті жоғары болғандықтан халықтың назарын той-томалақ, дүкенге барғанда ғана емес, байқауларыңызша, есіктің алдында да әңгімелесіп ойнайды балаларымен ата-аналары, апалары мен аталары. Негізінен барлық оқушылар мектепке барып оқып жатқан жоқ қой. Ол бос уақытында есік алдында ойнайды. Есіктің алдында жүріп, бір-брімен сөйлеседі, ойнайды. Сол себепті осыған да сіздердің назарлаңызды бөліп, халыққа жеткізулеріңізді сұраймыз.