433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы облыстық қан орталығына донорлар қажет

  • 81
  • UPD: 22:46, 29.03.2021

Еліміздегі эпедимиологиялық ахуалға байланысты ерікті түрде қан тапсыратын адамдар қатары күрт азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық мамандары үгіт-насихат жүргізіп, жастарды қан тапсыруға шақырады.

Нұрлан Қуанышбай, тілші:

- Владислав Сенев 58 жаста. Бүгін жақын туысына қан тапсыруға келді. 60-қа келген азамат матрос болып қызмет етеді. Осы жасқа келіп сергек болуының себебі – тұрақты қан тапсырыуның арқасы деп біледі.

Владислав Сенёв, донор:

- Мен әр 2-3 ай сайын келіп қан тапсырып тұрамын. Қан тапсырғаннан кейін өзімді жақсы сезінемін. Осы жасқа келіп, тың болуымның да себебі осы шығар. Ал бастысы ол өзгеге көмек беру. Біреудің қуанышына себеп болудан басқа арман бар ма? Басқа да адамдарға, әсіресе, жастарға қан тапсыруға кеңес беремін. Өзіңе де, өзгеге де пайдалы процесс.

Облыстық қан орталығының көмегіне мұқтаж «Ана мен бала орталығы», «Көпфунционалды орталық аурухана», «Балалар ауруханасы» секілді 14 медициналық мекеме бар. Сондықтан қанға деген сұраныс жоғары. Әсіресе, сирек кездесетін «IV теріс резусты» қан тобы қажет етеді. Сол себепті мамандар әрдайым үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қанның жинақтау қорын толықтырып отырады.

Рафаэль Сарсемалиев, қан орталығының  директоры:

- Айтайын дегенім, қан тапшылығы кейде болып қалады. Бір күндері тыныш болуы мүмкін. Бір күндері төтенше жағдай болуы мүмкін. Кейде қорда тұрған көп қанды алып кетеді. Екі-үш күннің жағдай болып қалса, бізде қиыншылық туындайды. Сол үшін қан көп кеткен күндері біз донорларымызды шақырып бастаймыз.

Әлемде пандемия басталмай тұрып аймақта 3000-ға жуық ерікті донор тіркеуде тұрды. Алайда, COVID-19 індеті келгенде олардың қатары бірнеше есеге азайды. Ал өңірде 700 мың халық барын ескерсек, бұл тым аз көрсеткіш.

Нұрлан Қуанышбай, тілші:

- Сіз тапсыратын 450 мл қан өзгенің аурудан аман айығып шығуына, тіпті өлімнен аман қалуына сентігін тигізеді. Ал донор болу арқылы сіз өзіңіздің ағзаңыз туралы толық мәлімет аласыз. Яғни, «Гепатит С», «Гепатит В» және «Вич-инфекция» туралы хабардар болып, өзіңіздің қан құрамындағы компоненттер туралы білесіз. Сіздің денсаулығыңыз қандай дертпен күресуге қауқарлы екеніне көз жеткізесіз.

Донорларға мемлекет тарапынан берілетін арнайы қаражат мөлшері бар. Алайда, ерікті донорлар қайтарымсыз жүйені таңдайды. Себебі, донор болу пайдалы әрі сауапты іс. Айта кету керек, орталықта COVID-19 індетіне қатысты қан тапсырып, ағзаңыздағы антиденелер туралы да біле аласыз.

Авторлары: Нұрлан Қуанышбай, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы