Орал тұрғындары көшеде резеңке қайықпен жүзіп жүр

Оралда тұрғындар көп қабатты үй жанындағы шалшық суға резеңке қайықпен түскен адамның әрекетін талқылап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ауданда еріген қар суы екі көп қабатты үйдің арт жағында ешкім жүрмейтін жерге жиналған болып шықты. Терең тұсы небары 40 сантиметрден аспайды екен. Жүргізушілердің  айтуынша, бұл жерде көлік өтуге арналған жол жоқ. Полиция «қала тұрғыны ешқандай қоғамдық тәртіпті бұзған жоқ, сондықтан оны жауапкершілікке тарту негізсіз» деген пікірде. Қайықтың иесін табу мүмкін болмады, тұрғындар «талапқа сай арық болса, мұндай жағдай болмас еді», дейді.

Тынышбек Мұқаев, қала тұрғыны:

- Қардың суы ғой бұл енді, қар ерігесін, ағатын жер жоқ. Асфальт неге тесіледі, өйткені ағып кететін ешқандай арык жоқ. Арық неге қазбайды, мына судың бәрі арықпен ағатын су, көктемдегі суды ешқашан су сорғышпен ағызып бітіре алмайсың.

Сондай-ақ...