423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада Есіл өзеніне бөгет салынып жатыр

  • 218
  • UPD: 23:08, 29.03.2021
Елордада Есіл өзеніне бөгет салынып жатыр

Елорданы су басу қаупі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол себепті мамандар Есіл өзеніне бөгет салып, жағалауды нығайтуға кіріскен. Су тасқынының алдын алу мақсатында «Астана» су қоймасындағылар жоспарлы жұмыс кестесін іске қосты. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі күзден бері су төгетін құрылғысы бар қорғаныс бөгетін қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысып жатыр. Қыста қаладан 5 млн текше метрден аса қар шығарылған. «Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, топырақтың қату тереңдігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары.

Арсен Жанғасқанов, қалалық құрылыс басқармасының басшысы:

- Бұл жұмыстар өзен арнасын тереңдетуге бағытталған. Ол арқылы қызыл судың қауіпсіз ағуына жағдай жасаймыз. Бірақ өзендегі қажетті су мөлшерінің азайып кетпеуін бақылайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы