Қарағандыда құстарға арналған ерекше үйшіктер пайда болды

Мектеп алаңында орнатылған қанаттылардың шатырын төменгі сынып оқушылары дайындапты, , деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүлдіршіндер «Жас инженер» байқауына қатысқан соң осындай бастама көтеріпті. Ұстаздар қолдаған. Нәтижесінде мектеп саябағындағы теректер ерекше күйге еніп шыға келді. Оқушылар мен ұстаздар үйшіктерде әркез құстарға арналған тамақтың бар болуын жіті қадағалап отырады. «Басында балалардың қызығушылығын оятқан жоба қазір ауданның көркін де кіргізіп тұр», - дейді көпшілік.

Сара Ескеева, мектеп директоры:

- Ата-аналарымен бірге жасады. Олар да қуанып жүр. Осы құстарға үйшік жасадық, сынып жетекшілері ылғи балалармен бірге тамақ алып, осында салып отырады.