Балқашта жұқпалы аурулар стационары ашылды

Балқаш қаласында бұрын туберкулез диспансері болған 4 қабатты ғимарат күрделі жөнделіп, жұқпалы аурулар стационары ашылды.

Бұл мақсатқа қазынадан 387 миллион теңге бөлінген. 100 адамға шақталған емдеу мекемесі барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Мұнда 30 төсектік жансақтау бөлімі жұмыс істеп тұр. Оттегі орталықтандырылған жүйемен беріледі. Стационар жанындағы бактериологиялық зертхана науқастарды тез анықтап, дер кезінде ем-шара қабылдауға мүмкіндік береді дейді мамандар. Пандемиядан кейін бұл жерде өзге де жұқпалы ауруға шалдыққандар емделетін болады. Айта кету керек, қазір Қарағанды өңірі сары аймақта.

Шолпан Қалықбекова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Балқаш аймақтық бөлімінің басшысы:

– Келешекте мұнда тек Балқаш қаласының ғана емес, жақын маңдағы Приозерск елді мекенінің, Ақтоғай және Шет аудандарының халқы да емделетін болады. Жұқпалы аурулар стационарында 12 бокс, операция залы, өкпені жасанды желдету аппараттары, рентген аппараты бар. Қысқасы сапалы медициналық қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалған.

Сондай-ақ...