Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделуде

Елімізде 24 180 адам коронавирус инфекциясынан (22 258 КВИ+ және 1 922 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 8 130 пациент стационарда, 16 050 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:

  • 364 адамның жағдайы ауыр;
  • 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.