432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл ауылшаруашылық дақылдары 22,8 млн гектарға егіледі

  • 96
  • UPD: 11:17, 30.03.2021
Биыл ауылшаруашылық дақылдары 22,8 млн гектарға егіледі

Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы атқару – Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдерінің негізгі міндеті.

Бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды фактордың бірі. Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин осылай деп мәлімдеді. Биылғы егістік жұмыстары үшін диқандарға 380 мың тонна дизель отыны қажет. Осыған орай Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп, дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша мұнай өңдеу зауыттарының кестесін әзірледі. Көктемгі дала жұмыстарына арналған дизель отынының бағасы биыл Павлодар мұнай-химия зауыты мен Шымкент мұнай өңдеу зауытында 1 тоннасы үшін 174 мың теңге, ал Атырау зауытында 172 мың теңге деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынының бағасы литріне 15-20 теңгеге төмен беріледі деп күтілуде. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 23 млн гектар жерге егіледі. Қазіргі Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарында көктемгі егіс жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы