Жайық-Атырау бекіре балығы зауыты 150 келі белуга балығын аулады

Қолдан өсіру арқылы бекіре тұқымдас балық түрлерінің қорларын қалпына келтірумен және өсірілген шабақтарды табиғи мекендеу ортасына шығарумен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыттары айналысады, олардың жиынтық қуаты жылына шамамен 7 млн дана шабақты құрайды.

Мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында 29 наурызда Жайық өзенінің «Кіші Дамбы» тартымында Амангелді атындағы ӨК-нің балықшылар бригадасы «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК балықшыларының қатысуымен салмағы 150 кг, ұзындығы 2,4 м қортпа балығының аналығын ұстады, деп хабарлады ЕГТРМ баспасөз қызметі.

Өндіргіш балықтарды дайындау бойынша балық өсіру шаралары жалғасуда. Олар шабақ өсіру мақсатында ұрпақ алу үшін қолданылады.

Ауланған бекіре тұқымдастардың ересек дарақтарынан тірідей күйінде жыныстық өнімдерді (уылдырық пен шоғал) алып, кейін оларды табиғи мекендеу ортасына жіберу барлық мүдделі тараптардың, жұртшылық пен БАҚ-тың қатысуымен жүзеге асырылатынын атап өту қажет.

Қазіргі уақытта аналық қортпаның жағдайы қанағаттанарлық, ол Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының тоғанында орналастырылды, балық өсірушілердің үнемі бақылауында.

Қазақстанда басқа Каспий маңы мемлекеттеріндегідей бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортадан коммерциялық мақсатта аулауға тыйым салынады. Бекіре тұқымдас балықтарды аулау арнайы рұқсат шеңберінде мамандандырылған балық шаруашылығы ұйымының ғылыми мақсаттары үшін және өсімін молайту мақсатында екі мемлекеттік балық өсіру зауытына ғана көзделгенін айта кеткен жөн.