Оралда мемлекеттік қызметші пара алды деген күдікке ілінді

Мемлекеттік кірістер басқармасында еңбек ететін маман жергілікті компания басшысымен өзара келісім жасаған.

Салықты уақтылы төлемегені үшін кәсіпорынның есепшотына қойылған шектеуді заңсыз алып тастаған. Дәл осы көмегіне және одан әрі қамқорлығы үшін 430 мың теңге «сыйақы» алған. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары мәлімдеді. Күдікті дереу ұсталып, қамауға алынды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары бұдан өзге ақпараттарды жариялаудан бас тартты.

Нұрдәулет Сәмет, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары:

– ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес, күдікті тұлға Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Жалпы, жыл басынан бері біздің департаментпен осы парақорлық фактілері бойынша 5 қылмыстық іс тіркелген. Оның үшеуі пара беру фактісі бойынша, екеуі пара алу фактісі бойынша.