Елордада жедел жәрдем көліктеріне «Ақылды бағдаршам» технологиясы орнатылды

Елорданың жедел жәрдем көліктеріне арнайы жабдықтар орнатылды.

Бұл қондырғы көше қиылысына жақындағанда бағдаршаммен байланыс орнатып, жасыл шам жанады, деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.

Нәтижесінде интеллектуалды тасымалдау жүйесін (ITS) жедел жәрдем көлігінің GPS навигаторларымен біріктіру арқылы жедел жәрдемнің науқасқа жету уақытын едәуір қысқартты.

Әзірге мұндай «жасыл дәлізбен» реанимациялық бригада көліктері қамтамасыз етілді.