Биыл құрғақшылық болуы мүмкін

23 миллион гектар алқаптың шамамен 16 миллион гектарына астық егіледі.

Ал 3 миллион гектар жерге майлы дақылдар себіледі. Биыл әсіресе, әлеуметтік маңызға ие дақылдарға басымдық берілмек.

Атап айтсақ, қант қызылшасы, қарақұмық жармасы мен күнбағыс өсімдігін көптеп егу жоспарда бар. Жергілікті атқарушы орган өкілдеріне қарақұмық пен картоптың алқабын ұлғайту ұсынылған. Осы арқылы импортты азайтып, ішкі сұранысты өзіміздің өнімдермен қамту көзделіп отыр. Мұны брифингте ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері айтты. Жалпы биыл көктемгі егіс жұмыстарына 116 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Шаруаларға барынша қолдау көрсетілгенімен осы жылы да былтырғыдай құрғақшылық қысуы мүмкін.

Сондай-ақ...