Ақтөбеде учаскелік инспектор паналатқан 80 жастағы кейуананың баласы табылды

Жазылған жайдың жалғасы! Ақтөбеде үй-күйсіз қалып, учаскелік инспектордың үйінде тұрып жатқан 80 жастағы әжейдің туған баласы табылды.

Олар соңғы рет 20 жыл бұрын кездесіп, кейін бір-бірінен көз жазып қалған. Арадағы байланыс үзілсе де ұлы анасын іздеуді еш тоқтатпапты. Енді әжейді өз қолына алмақ.

Естеріңізге сала кетейік, қарияның қиын тағдыры туралы осыдан екі ай бұрын айтқан едік. Ол немересінің жеке кәсібі үшін баспанасын сатып, көмектесуді ұйғарған. Алайда іс жүрмей үйсіз қалады. Немересінің отбасымен тұрса да жанұяда жиі шыққан жанжалдан әбден қажып, жақын маңдағы полиция бекетіне келе берген. Оның тұрмысымен жақсы таныс учаскелік инспектор Дастан Сұлтанғалиев кейін өз қолына алды. Капитанның отбасында өмір сүрген жарты жылда  балаларына да бауыр басып қалған. Ал туған баласын тауып беруге инспектор көмектескен.    

Дастан Сұлтанғалиев, учаскелік инспектор:

- Базадан тексеріп, яғни анықтап ол жігітті. Ұялы телефонын, қазіргі тұрып жатқан мекен-жайын анықтап, осы Владиславты таптық, әжемен кездестіріп жатырмын.

Ақтөбелік полицей үйсіз қалған 80 жастағы әжейді қамқорлыққа алған