Ақтауда жергілікті БАҚ өкілдеріне вакцина салынды

Ақтауда жергілікті БАҚ өкілдері алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпе алды.

Қызмет барысында індетпен бетпе-бет келетін журналистер ресейлік «Спутник V» вакцинасын ерікті түрде салдырды. Қазір екпе алған 10 адамның жағдайы қалыпты.

Айта кету керек, вакциналау жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Бүгінде облыс аумағында коронавирустық инфекцияға қарсы 1 компонентпен 1625, 2 компонентпен 530 адам вакцина салынды. Олар медицина мамандары, құқық қорғаушылар мен өзге де мемлекеттік мекеме қызметкерлері.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы «жасыл» аймақта.

Ақсындар Табылды, журналист:

- Өткен жазда елдің бәрі ауырғанда мен де ауырдым. Бірақ мен аса қатты қиналған жоқпын. 2-3 күн ауырсыну болды. Туыстарымда, ата-аналарымда ауыр өтті. Сондықтан биыл да міне тағы күшейіп жатыр. Пандемия кезінде жыл бойы біздің қызмет үзілген жоқ. Стационарлардан, провизорлардан халықты ақпараттандырудан алдыңғы қатарда жүрдік. Сондықтан бұл вакцина алуды мен аурумен бетпе-бет келіп жүргендіктен өзіме міндет деп, алуым керек деп алдым.

Әсел Амангелдіқызы, терапевт:

- Жалпы асқынулар болуы мүмкін. Асқыну болғанда дене температурасының 37, 38 градусқа көтерілуі. Дене қызуы мүмкін. Cуфеберитті температура төмендеуі мүмкін. Бүгінгі вакцина алған «Маңғыстау» телеарнасының қызметкерлерін 17 апрельде екінші компонентке күтеміз.

Сондай-ақ...