Төрт облыстан басқа аймақтардан коронавирустың ықтимал мутациясы анықталды.
Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ брифингінде айтты.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге COVID-19 штамдарын анықтау үшін экспресс-ПТР скринингтің жаңа әдісі енгізілді. Қазақстанның барлық аймағында коронавирус жұқтырған науқастардан алынған зертханалық үлгілер зерттелді. Зерттеу нәтижелері бойынша 4 аймақтан басқа (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа) өңірлерден коронавирустың «британдық», «оңтүстікафрикалық», «бразилиялық» штамдарына тән ықтимал мутация анықталды», - деді министр.