Талдықорғанда сәуірден бастап карантин күшейтіледі

Сәуірдің бірінен он бесіне дейін Талдықорғанда бірқатар карантиндік шектеу енгізіледі. Бұған шаһарда індеттің өршуі себеп болды.

Наурызда қалада 433 адамнан ковид белгілері анықталды. Қабылданған қаулыға сәйкес оқушылардың барлығы онлайн оқу жүйесіне көшіріледі. Еңбек ұжымдарында қызметкерлердің 70 проценті қашықтан жұмыс істейді. Спорттық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Ойын-сауық нысандары, компьютерлік және түнгі клубтар, кинотеатрлар, театрлар, сауна мен моншалар сенбі-жексенбіде жабылады. Киім-кешек базарлары мен техника сататын орталықтар да өз қызметін тоқтатады. 

Ермек Әсімқұлов, қаланың бас санитар дәрігері:

- Тамақтану объектілер демалыс күндері жұмыс істемейді. Тек қана доставка бойынша  жұмыс істейді. Содан кейін сауда үйлері жұмыс істемейді. Тоқтатады. Тек ғана құрылыс сататын, азық-түлік сататын, запчасть сататын дүкендер жұмыс істейді.