Сәуірде 2,5 млн доза вакцина сатып аламыз – А.Цой

Денсаулық сақтау министрі тұрғындарға екпе салу мәселесіне де тоқталды.

Алексей Цой «Хабар 24» арнасындағы брифингте «сәуір айында вакцинаның 2 жарым миллион дозасын сатып аламыз» деді.

Қазір екпе өндірген елдермен келіссөз жүргізіп жатыр. Осы күнге дейін 130 мыңнан аса отандасымыз ресейлік вакцинаның бір компонентін қабылдап үлгірген. Екі бірдей компонент ектіргендер саны 32 мыңнан асты.