430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау тұрғыны құны 50 млн теңгені құрайтын синтетикалық есірткіні заңсыз сақтаған

  • 76
  • UPD: 10:36, 31.03.2021
Атырау тұрғыны құны 50 млн теңгені құрайтын синтетикалық есірткіні заңсыз сақтаған

Атырауда 24 жастағы ер адамнан үш мың дозадан астам синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.

29 наурызда Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Қазақстан Республикасының 24 жастағы азаматын ұстады. Оның Атырау қаласының Гайдар көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы бір келі синтетикалық есірткі тәркіленді, бұл шамамен 3 330 дозаны құрайды, қара нарықтағы бағасы 50 000 000 теңгеге жуық.

«Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тергеу амалдары басталды», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Айта кетейік, аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.​ Ұсталған ер адам Атырау қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы