430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік тұрғындарын солтүстік аймақтарға көшіруде кедергілер көп

  • 93
  • UPD: 12:38, 31.03.2021
Оңтүстік тұрғындарын солтүстік аймақтарға көшіруде кедергілер көп

Халыққа ақпарат дұрыс түсіндірілмейді. Мемлекет берген мүмкіндікті толық жеткізетін кәсіби мамандар аз, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 жылдың ішінде солтүстіктегі 4 облысқа еліміздің өзге өңірлерінен 20 мыңнан астам адам қоныс аударған. Соның 6 мыңы Түркістан облысының тұрғындары. Биыл да оңтүстіктен 6 мыңға жуық адам солтүстікке көшеді.

Жаңабай Ағабеков, кәсіпкер:

- Менің ойым, үйлерді мамандар, құрылысшылар салу керек. Көшіп келген азаматтарға арендаға беру керек. Одан кейін көшіп баратын азаматтардың бәрінің несиесі бар. Несиесін төлеуді 6 айға дейін шегере тұрса, бұлар субсидиясын алып, малын алып жайғасып алған соң қаражатты төлеуге жағдайы болады.

Бейсенбай Тәжібаев, «Nur Otan» партиясы то филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Бекітілген ережені, алатын субсидия көлемін, мемлекеттік қаржылық қолдауларды өз деңгейінде жергілікті халыққа түсіндіріп айтып бере алмайды. Және осыған жауапты мамандардың жиі ауысуы, тұрақты бір маманның айналыспауы салдарынан аталған бағдарламаны халыққа түсіндіру жұмыстары төмен болып жатады. Біз осы аймақтағы проблемалардың бәрін жинай отырып, Парламент депутаттарына ұсынып, Үкіметтік деңгейде талқылап, қажет болып жатса, заңдарға өзгеріс енгізуге әрекет жасайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы