433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Түркияға үш келі алтынды тасымалдамақ болғандар сотталды

  • 78
  • UPD: 14:35, 31.03.2021
Алматыда Түркияға үш келі алтынды тасымалдамақ болғандар сотталды yurlitsa.ru

Алматыда 3 келі алтынды ұшақпен алып өтпек болғандар сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сот үкімімен қос күдіктіге 3 млн теңге айыппұл салынды. Ал сыбайластарына 100 сағат мәжүрлі еңбекке тарта отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.

Айта кетейік, қылмыстық топ Алматы – Анталья рейсі кезінде ұсталды. Тәркіленген алтын құймаларының жалпы құны 68 млн теңге. Күдіктілер бұрын зергерлік бұйымдарды сатумен айналысқан. Ал тұтастай алтынды алып өтуге әуе компаниясының екі қызметкері көмектескен.

Хабар 24 телеарнасы