Ақтөбе облысы «қызыл аймаққа» енді

Ақтөбе облысында эпидемиологиялық ахуал ушығып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте короновирус жұқтырған 82 адам анықталған. Облыс «қызыл аймақ» қатарына енгізілген. Оның ішінде аурудың айқын белгілері бар 52 адам тіркелсе, 30-ы симптомсыз, тасымалдаушы екендігі анықталды. Науқастардың дені Ақтөбе қаласының тұрғыны. Жұқпалы аурудың одан әрі таралуын тоқтату мақсатында науқастармен байланыста болған мың жарымға жуық азамат үй карантиніне жатқызылды. Жалпы облыста 5236 адам қатерлі вирус жұқтырған. Олардың 87,2%-і бүгінгі күнге дейін айығып шықты.